Эколог-жазушы Сайлаубай Жұбатырұлымен кездесу өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазалы ауданында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, көсемсөзші-эколог, қоғам қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, «Табиғат тамыршысы» атанған талантты Сыр перзенті Сайлаубай Жұбатырұлымен кездесу өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Өткен ғасырдың ортасынан ауа әдебиетке өзіндік қолтаңбасымен келіп «Алыстағы аралдар», «Жасыл сағым» повестерімен оқырман қауымын дүр сілкіндірген қаламгердің қаламынан мұнан кейін де талай туынды дүниеге келді. Соңғы жылдары «Абыржы» деп аталатын трилогиясын бітіріп оқырманға тарту етті. Жазушы қай кезде де табиғаттың жанашыры боп, табиғат-ананы қорғау мәселесі жөнінде келелі пікірлерін білдірумен келеді. Оның эколог-жазушы атануы да осы себептен болса керек.

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Ғабит Бәймішев кештің қадірлі қонағына сый-құрмет көрсетті. Қазақстан Журналистер Одағының Қызылорда облыстық бөлімшесінің төрайымы Қаршыға Есімсейітова, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шарападин Алтынбаев, №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Анар Алпысбаева, Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Ақбота Тұрсын жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ой толғап, лебіздерін білдірді.

Шара барысында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі дайындаған «Сырдың сыршыл перзенті» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар