Экология министрі шетелдік инвесторларды ұзақмерзімді келісімшарттық фермерлікті дамытуға шақырды

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан шетелдік инвесторларды ұзақмерзімді келісімшарттық фермерлікті дамытуға шақырады.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан VI Астана экономикалық форумы аясындағы «Индустриялды революция - «жасыл экономикаға» көшу» атты сессияда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

Оның атап өтуінше, Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан. Дегенмен, еліміздің фермерлерінің басым бөлігі заманауи тиімді технологияларға және осындай технологияларды енгізу бойынша ноу-хауға қол жеткізе алмай отыр.

«Біз шетелдік инвесторларды Қазақстанға агроөнеркәсіп секторымызға білім мен инновацияны трансферттеу арқылы ұзақмерзімді келісімшарттық фермерлікті дамытуға шақырамыз», - деді Н.Қаппаров.

Соңғы жаңалықтар