Экология министрлігі Қостанай облысындағы киік қалдықтары туралы ақпаратқа жауап берді
АСТАНА. KAZINFORM - Экология және табиғи ресурстар министрлігі 6 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелді ауданында қалдырылған киік қалдықтары туралы тараған ақпаратқа байланысты түсінік берді.

- Аталған фактіні тексеру мақсатында әкімдік пен ветеринария қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы жедел түрде оқиға орнына жіберілді, ұша қалдықтары анықталған жоқ. Аумақты тексерудің комиссиялық актісі жасалды. Ішкі бөліктерді одан әрі кәдеге жаратусыз кесу орнында қалдыру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, - делінген хабарламада.

Министрлік Қазақстан заңнамасына сәйкес жалған ақпарат таратқаны және оны таратуға жәрдемдескені үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Қазақстанда киік етін қайдан алуға болатынын жазған болатынбыз.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында киік етінен түрлі аурулар тарайтыны туралы пікірлерге жауап берді.
Батыс Қазақстан облысында киік етін қабылдау, өңдеу және өткізумен келісілген 7 кәсіпорынның бесеуі айналысып жатыр.
Ақтөбелік инспекторлар үш ай бойы киік үркітті.