Экология министрлігі орманшыларды қайта оқытады
Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман жұмысшаларын қайта даярлықтан өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.

«Орман өрттерінің алдын алу мақсатында өрт кезінде жедел әрекет ету және құзырлы органдармен өзара іс-қимыл алгоритмінің жобасы әзірленді. Қазір Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен бұйрығы құзырлы мемлекеттік органдардың қарауында. Аталған жоба бойынша орман күзеті қызметшілері мен Төтенше жағдайлар қызметкерлері жағдайды бағалап, орман өрті шыққан жағдайда қосымша күштер тарту туралы дереу шешім қабылдау керек», - деген жауап берілді Kazinform агенттігінің ресми сауалына министрліктен.
Ақпаратта айтылғандай, министрлік өрттің алдын алу және онымен күресте әуе кемелері, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелерін тарту қарастырылған.
«Өртпен күресте жұмысшылардың білім деңгейі мен практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында оқу бағдарламасы әзірленді. Мемлекеттік орман күзеті қызметшілерінің біліктілігін арттыру Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу орталықтары базасында жүргізіледі», - деп түсіндірді ведомстводан.
Бұған дейін Семей орманында болған өрттен мемлекетке қанша шығын туралы хабарлаған едік.
Сондай-ақ Экология министрлігінен Семей орманы өртіне жол берген кінәлі шенеуніктерің жазалануы туралы ғайтылды.