Экология министрлігі ауаны ластаған Екібастұз жылу орталығын тексереді
Екібастұз қаласында Қазгидрометтің 2 стационарлық бақылау бекеті орналасқан.
29 наурызда Мәшһүр Жүсіп көшесі, 118/1 мекенжайындағы №1 атмосфераны бақылау бекеті шекті рұқсат етілген концентрациялар асып кеткенін тіркеген жоқ.
Жарияланым дәлелдерін егжей-тегжейлі тексеру үшін экология департаментінің қызметкерлері «Екібастұзжылуэнерго»ЖШС санитарлық қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауаның сапасына өлшеді.
Оның нәтижесі көміртегі оксиді бойынша 6,3 мг/м3 (ШРК 5,0), азот оксидібойынша 0,527 мг/м3 (ШРК 0,5), шаң бойынша 0,638 мг/м3 (ШРК 0,5) асып кеткенін көрсетті.
Қазіргі уақытта «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Тексеру нәтижесі қосымша хабарланады.
Еске сала кетейік, бүгін «Екібастұзжылуэнерго» серіктестігіне 27,6 млн теңге айыппұл салынғаны хабарланған болатын.