17:22, 25 Мамыр 2015 | GMT +5
ЭКОЛОГИЯ: «Теңіз» кен орнында 9 млн. тонна күкірттің 8 мың тоннасы ғана қалды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы "Теңіз" кен орнында барлығы 8 мың тонна күкірт қалды, деп хабарлады «Теңізшевройл» компаниясының баспасөз қызметінен.

«Бірінші тәулікте ТШО 910 мың тонна күкіртті өткізді, бұл өндірілген 628 мың тоннаның 146 пайызын құрайды. Яғни, 2015 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша "Теңіздің" күкірт картасындағы көлем 8 мың тоннаға дейін азайды. Қазір ТШО Жерорта теңізі бассейнінің және Орталық Азия елдеріне, Ресей, Украина және Қытайға сатып жатыр», деп ақпараттандырды баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, 2000 жылдардың басында Теңіз кен орнындағы күкірт қоры 9 млн. тоннаға жеткен. Бұл үшін «Теңізшевройл» компаниясына миллиардтаған экологиялық айыппұл өтеген.