Экологияға келтірілген зиян үшін төлем тәртібі өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — Қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлемнің бюджеттік коды өзгертілді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Қоршаған орта, табиғат
Фото: Gov.kz

Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін алынатын төлем Бюджет кодексіне сәйкес арнайы түсімдер санатына жатады. Осыған байланысты заңнама талаптарына сәйкестендіру мақсатында Қаржы министрлігі бюджеттік сыныптама кодын 105316-дан 401101-ге өзгертті.

— Салық есептілігінің 870.00 декларациясы бойынша төлемдерді бөлуге қатысты тиісті жаңартулар 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді. Осыған орай, төлемдердің бюджетке дұрыс және уақтылы есептелуі үшін қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемдер 401101 бюджеттік сыныптама коды бойынша жүзеге асырылуы қажет, — деп ескертті комитет.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қарызы ең көп 6 компания анықталды.

Соңғы жаңалықтар