11:12, 14 Маусым 2010 | GMT +5
Экологиялық апаттың ошағында экоорталық ашылды - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Сыр өңірінің бас қаласында «Қызылорда облысының жастарына экологиялық тәрбие беруге арналған ресурстық орталықтың» ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өткізілді.
Оны облыстық ішкі саясат басқармасы мен жастар ұйымдары көшбасшылары ұйымдастырды.
ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық ішкі саясат басқармасы және облыстық жастар қауымдастығы бірлесе ашып отырған экоорталық жастарды қоршаған ортаны қорғау шараларына жұмылдыруды көздеп отыр. Жалпы, табиғатты сақтаудың маңыздылығын түсіндіруден басталатын шаралар легі жыл соңына дейін жалғасады. Орталық жүргізетін шараларға мектеп оқушыларын тарту да жоспарлануда. БАҚ өкілдерімен кездесуде баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар үстіміздегі жылы жастар арасында экологиялық мәселелерге арналған облыстық конференция өткізу көзделіп отырғандығын жеткізді.