10:30, 15 Қараша 2022 | GMT +5
Экономика министрі: Мұнай мен газ өндіру көлемі төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаңтар-қазан аралығында елдегі мұнай өндірісі 2,5 пайыз төмендеді. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысныдай осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елімізде машина жасау өндірісі 7,7% өсті. Атап айтқанда, автомобиль жасау – 18,3%, электр жабдықтарын жасау – 12,4% артты», - деді Әлібек Қуантыров.
Министрдің айтуынша, өсім мына салаларда байқалған: химия өнеркәсібі тауарлары – 10,6%, жеңіл өнеркәсібі тауарлары – 7,8%, сусындар – 8,9%, пластмасса бұйымдары – 4%, мұнай өңдеу өнімдері – 3,7%, азық-түлік тауарлары – 3,5%.
«Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1% төмендеді. Салалар бөлінісінде өсу тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 17,8%-ті, көмір өндіруде – 1,6%-ті, металл кендерін өндіруде – 0,6%-ті құрады. Көрсеткіштердің газ өндіруде – 1,5%, мұнай өндіруде – 2,5% және өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде 9,9% төмендеуі тіркелді», -деді ведомство басшысы.
Фото: bykvu.com