Экономика өсімі мен жұмыс орындарын құру инновация арқылы қамтамасыз етілуі тиіс - Елбасы

«Партиялық көшбасшылықтың басты мәселелерінің бірі -экономикалық және әлеуметтік жаңашылдықтың эпицентрі болуда жатыр. Біздің партия мемлекет қоғамына батыл инновациялық идеяларды енгізуді қамтамасыз етуі керек. Бүгінгі таңда әлемдік экономика екі маңызды проблемамен жұмыс істеп жатқаны белгілі. Бұлар: инновациялық-индустриялық жаңа кәсіпорындар құру арқылы экономика өсімі мен жаңа сападағы кәсіби мамандар даярлау. Екінші мәселе жұмыс орындарын құру. Осы екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан да, біздің индустриялық даму бағдарламамыз дер кезінде қабылданып отыр. Бұны ел экономикасын серпілтетін негіз ретінде пайдалануымыз керек. Экономика өсімі мен жұмыс орындарын құру инновация арқылы қамтамасыз етілуі тиіс», - деді Н. Назарбаев.
Елбасының айтуынша, ХХІ ғасырда ғылыми жаңалықтар маңызды рөл атқарады. Осыған орай, Н. Назарбаев болашақ энергиясымен, балама қуат көздерін ашумен жұмыс істеу қажеттігіне баса назар аударды.