Экономикадағы қытай ықпалының артуынан қауіптену «фантомдық үрей» - Н.Назарбаев

Н.Назарбаев өз сөзінде Қазақстанның көрші елдердің - Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясының әлеуетін белсенді түрде пайдаланатынын атап өтті. Мәселен, Қазақстан өз аумағында автокөлік және темір жол бағыттарын ашу арқылы Жібек жолы экономикалық белдеуінің конфигурациясына іс жүзінде қосылды.
Мемлекет басшысы Жібек жолының экономикалық белдеуі жаңа көлік бағыттары бойында іскерлік белсенділікті дамыту ісін қарастыратынын еске салды. Осыған байланысты Азиялық инфрақұрылымдық даму банкі Қазақстан, Ресей және бүкіл Еуразиялық экономикалық одақ үшін зор мүмкіндіктер ұсынады.
Елбасы экономикадағы қытай ықпалының артуына байланысты қауіптенуді «фантомдық үрей» деп атады және Қазақстанның бүгінде ҚХР-мен бірқатар кәсіпорынның құрылысын салу туралы шарт жасау қарсаңында тұрғанын айтты.
Қазақстан Президенті Ресейдің Қытаймен бірлесіп мұнай-газ саласында, коммуникация құрылысында ірі жобаларды жүзеге асыруы Ресей экономикасына Азия өңірін қатыстыруға мүмкіндік беретінін, мұның да әрі қарай даму үшін оң серпінге ие болып отырғанына тоқталды.