Экономикалық ауытқуларға қарамастан, Қазақстанның бюджеттік шығыстары өсіп келеді - Қаржы министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпара - Экономикалық ауытқуларға қарамастан, Қазақстанның бюджеттік шығыстары өсіп келеді. Бұл туралы бүгін Астанада халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
None
None

«Өткен жылы республикалық бюджеттің көлемі 7 трлн. теңгеден астам болды, ал ағымдағы жылы 8,3 трлн. теңгеге жетті. Осы арқылы экономикалық ауытқуларға қарамастан, бюджет шығыстары өсіп келеді, яғни контрциклді түрде экономикаға қолдау жасалуда. Сонымен бірге тапшылық ЖІӨ-нің қауіпсіз үш пайыздық деңгейінен асып отырған жоқ»,-деді министр.

Сонымен қатар, Б. Сұлтанов биыл қысқа мерзімде бюджетті ерте нақтылау жүргізілгенін еске салып өтті. Наурыз айында дағдарысқа қарсы жаңа шаралар пакеті бойынша қаржыландыру басталды.

«Бұл өз кезегінде экономиканы қолдаудың жаңа шараларын қамтып отыр. Бір мезгілде мемлекеттік сатып алулар жылдамдатылды. Бюджеттік рәсімдер жеңілдетіліп, қазынашылдық қолма-қол басқару енгізілді. Осы шаралардың барлығы экономикаға жаңа қаржыларды өткізуге мүмкіндік береді»,-деді Б. Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар