Экономикалық қылмыстар жасаған алаяқ Армениядан Қазақстанға экстрадицияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратураның және Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан азаматы С.Манасянды экономикалық қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады.

Экономикалық қылмыстар жасаған алаяқ Армениядан Қазақстанға экстрадицияланды

58 жасар Сурен Манасян қылмыстық топ құрамында жалған кәсіпкерліктер құрғаны үшін, сонымен қатар бюджетке салық төлеуден жалтаруға жағдай жасау нәтижесінде мемлекетке 200 млн. теңге сомасында аса ірі мөлшерде залал келтіргені үшін айыпталуда.

Қазіргі уақытта Манасян Астана қаласының тергеу оқшаулағышына қамауға алынды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.