Экономикалық нақты жағдай Қазақстан мен Ресей алдына ұзақмерзімді перспективада бірдей міндеттер жүктейді - Елбасы

ЕКАТЕРИНБУРГ. 11 қараша. ҚазАқпарат. Экономикалық реалий Қазақстан мен Ресей алдына ұзақмерзімді перспективада бірдей міндеттер жүктейді. Бұл туралы бүгін ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының 10-шы мерейтойлық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

ҚР Президентінің атап өтуінше, жылдан жылға бұл форумға қызығушылық артып келеді. Бұл оның ықпалын әрі іс жүзіндегі пайдалы екендігін білдіреді. «Екатеринбургтегі қазіргі форум зор мәнге ие. Бүгін біз ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы елдеріміз арасындағы келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз. Ол Қазақстан мен Ресейдің үшінші мыңжылдықтағы өзара тиімді әріптестігінің сенімді негізі болатындығына сенімдімін», деді Елбасы.

Н.Назарбаевтың айтуынша, ынтымақтастықты дамытудың маңызды бағыттарының бірі - мерейтойлық форумның тақырыбына айналған «өнеркәсіптік кооперация».

«Талқылауға шығарылып отырған мәселелердің өзектілігі екі ел экономикасы құрылымының ұқсастығы мен даму қарқынын айқын көрсетеді. Экономикалық нақты жағдай Қазақстан мен Ресей алдына ұзақмерзімді перспективада бірдей міндеттер жүктейді. Олардың шешімі аясында біз экспортты әртараптандыру, жоғары технологиялық импортты алмастыру бағытында қатар жұмыс істейміз», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар