Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында инновациялық кластер мәселесі қаралады

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең «Нұр Отан» ХДП жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтеді. Бұл алқалы жиын «Инновациялық кластерлердің жұмыс істеуі және олардың инфрақұрылымын дамыту» тақырыбында өтеді.
None
None

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметінше, отырыстың мақсаты - инновациялық кластерлерді дамытудың ағымдағы жағдайын, проблемасын және болашағын талқылау, сондай-ақ оларды қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Басқосуға ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, «Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы Владимир Школьник, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Есекеев және басқа да ведомствлар мен компаниялардың өкілдері қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар