Экономикалық тергеу қызметі қорытындыланды

Әлемдік экономикадағы дағдарыс нышандарына орай көлеңкелі экономика елдің қауіпсіздігіне төніп тұрған тікелеу қатер болып отыр.
Экономикалық құқық бұзушылықтарға тиімді қарсы іс-қимыл, олардың сапалы және жедел тергелуі мақсатында Экономикалық тергеу қызметінің жұмысы жетілдіріліп отырады.
Экономикалық тергеу қызметі Мемлекеттік кірістер комитетінің фискалды қызметтерінің ақпараттық мүмкіндіктерін кеңінен қолданып отыр.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне материалдарды тіркеуге жаңа ұстанымдар айқындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала түбегейлі талдаудан және жедел-іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін басталады.
Экономикалық тергеу қызметі бастамасымен жүргізілген қылмыстық істерді барынша аяқтау бойынша лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігң белгіленген.
Қабылданған шаралардың және өзара іс-қимылды тиісті түрде ұйымдастыру нәтижесінде біз Экономикалық тергеу қызметінің негізгі бағыттары бойынша жедел-тергеу практикасының жақсарғаны туралы айта аламыз.
Сотқа 3 мыңдай қылмыстық іс жолданды, бұл өткен жылға қарағанда 44% артық (1 654).
Залалды өтеу бойынша көрсеткішті елеулі жақсартуға қол жеткізілді.
Мәселен, аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал 193 млрд.теңгені (67,7 млрд.тг), өтелген залал - 63,1 млрд.теңгені (32,8 млрд.тг), одан әрі залалды өтеу үшін тыйым салынған мүлік - 27,1 млрд.теңгені (8,7 млрд.тг) құрады.
Осылайша, залалды өтеу 46,8% құрады (залалды өтеу бойынша Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспарының көрсеткіші - 40%).
Фискалды бөлімшелер мен Экономикалық тергеу қызметінің Мемлекеттік кірістер комитеті аясында біріктірілуі жалған кәсіпкерлікке және қолма қол ақшаға айналдыру фирмаларына, бюджет қаражатын жымқыру мен басқа экономикалық бұзушылықтарға барынша дәйекті қарсы іс-қимыл жасауға мүмкіндік берді.
Бүгінгі күнде, жалған фирмалардың заңсыз қызметтерін пайдалана отырып, мемлекет бюджетіне әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, мектептер, емханалар мен жол құрылысына жұмсалуы қажет болған көптеген миллиард сома салық түспейді.
Осы жылдың 9 айында жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша өндірісте 2 582 қылмыстық іс (2204) болды, олардың 866 тергеумен аяқталды (284).
Өндіріспен аяқталған қылмыстық істер бойынша залал 94 млрд.теңгені (21,7 млрд) құрады, өтелгені 2,5 млрд.теңге (1,7 млрд), 7,9 млрд.теңгенің (324,5 млн) мүлікіне тыйым салынды.
Жалғанкәсіпорындарды бастапқы кезеңдерде анықтау үшін жалған фирмаларды оларға ғана тән белгілер арқылы табатын Тәуекелдерді басқару жүйесі жасалды.
Саралау нәтижесінде тәуекелі жоғары фирмалар басшылары ортақ топтарға бөлінеді. Олар бойынша тиісті шаралар жүргізіледі.
Нәтижесінде біз қылмыстық қолма-қол ақша қаражатымен айырбастаумен айналысқан 23 ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кестік.
Мысалға, Жамбыл облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Батуров М. және оның төрт сыбайласы әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Олар құрған жалған кәсіпорындары арқылы салық төлеуден жалтару бойынша қызмет көрсеткен. Мемлекетке келген залал 1,7 млрд.теңгені құрайды.
Қлданыстағы Тәуекелдерді басқару жүйесі жалған кәсіпорын белгілерін бастапқы сатыда, яғни мемлекетке ірі көлемде залал келтіргенге дейін, оның ішінде оларды тіркеу сатысында анықтауға мүмкіндік береді.
Осы жолмен 726 күдікті қаржылық операция тоқтатылды. 3 000-нан астам әлеуетті жалған кәсіпорын анықталды, олардың 2 545 немесе 85% ҚҚС бойынша есептен алынды. Бұл олардың заңға қайшы қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермеді.
Сотқа жалған кәсіпорындардың мемлекеттік тіркелуін және олар жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 722 талап арыз енгізілді.
«Бүркеншік» тұлғаларға, оның ішінде тұрғылықты үйсіз қалған және ауыр науқас адамдарға ресімделген 813 қатерлі компаниялар анықталды.
Шығарылған үкімдер бойынша 5,4 млрд.теңге сомасына салық өндіріп алынды.
Жалған фирмалардың белсенділігінің төмендеуін коммерциялық банктерден қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырудың азаюынан байқауға болады.
Екінші деңгейдегі банктерде қолма-қол ақшаны шешу сомасы 13%-ға төмендеген. Мәселен, ағымдағы жылғы 9 ай ішінде заңды тұлғалар 705,7 млрд.теңгені қолма-қол шешті, өткен жылдың осы кезеңінде - 814,5 млрд.теңге шешілген.
Мұндай мәжбүрлеу шаралары алдын-алу ретінде ерікті түрде салық төлеуге де ықпал етеді.
Салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша да жұмыс тиімділігі арттырылған.
Өндіріспен аяқталған 339 іс бойынша анықталған залал 72,9 млрд.теңгені (20,4 млрд) құрады, қабылданған шаралармен 53,3 млрд.теңге (12,1 млрд) өндірілді, 7 млрд.теңгенің (102,5 млн) мүлкіне тыйым салынды.
Мысалға, Қызылорда облысында Экономикалық тергеу қызметі 8,6 млрд.теңге салық төлеуден жалтарған «Торгай Петролеум» ЖШС лауазымды тұлғаларын қылмыстық жауапкершілікке тартты. Қазіргі уақытта залал толық көлемде өтелді.
Экономикалық тергеу қызметі үшін Мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан бөлінген қаражатты жұмсауды бақылау да басым бағыт болып айқындалған.
Өндірісте болған бұндай қылмыстық істердің саны өткен жылғы деңгейде қалған (1416 - 1 307), алайда тергеуі аяқталған істер 2,5 есеге артқан (375 - 883). Аяқталған істер бойынша келтірілген залал 890,6 млн.теңгені құрады, оның 432,5 млн.теңгесі немесе 48,5% өтелді.
Квазимемлекеттік сектордағы құқық бұзушылықтар бойынша өндірісте 1004 қылмыстық іс болды, 652 (252) қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Олар бойынша келтірілген залал сомасы 14,2 млрд.теңгені құрады, оның 13, 2 млрд.теңгесі орнын толтырып үлгердік.
Атырау облысында Экономикалық тергеу қызметі офицерлерінің араласуынан кейін «Медстарэкспорт» ЖШС мкелтірген 197 млн.теңге залалдың орнын толық көлемде өтеді.
Тергеу барысында анықталғандай, бұл кәсіпорын «Даму Өндіріс 2» бағдарламасы бойынша Ұлттық қор қаражатынан жеңілдетілген несие ретінде 667 млн.теңге алып, оның бір бөлігін мақсатсыз жұмсаған.
Кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау жақсы жолға қойылған. Аталған санатта 103 (74) қылмыстық істің тергеуі аяқталып, 4,1 млрд.теңгенің залалы өндірілді.
Мысалға, Оңтүстік Қазақстан облысының әуежайында мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері Түркиядан 1 млн. 400 мың АҚШ доллары сомасына жалпы салмағы 28,706 кг 13 164 дана алтын зергерлік бұйымдардың контрабандалық арнасының жолын кесті. Соттың үкімі бойынша контрабандалық зергерлік бұйымдар мемлекет кірісіне алынды, сондай-ақ кінәлі тұлғаларға 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге және мүлкін тәркілеуге сотталды.
Алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымын қысқарту бойынша шаралар қабылданды. Жылдың басынан бастап 210 қылмыстық іс тіркелді. Заңсыз айналымнан 3 млн. 630 мың жалған есепке алу-бақылау маркалары, есепке алынбаған алкоголь өнімінің 6 млн. 860 мың бөтелкесі және 50 мың литр спирт алынды.
Ақмола облысы бойынша сотқа А.Қайырбеков және М.Сейлкановқа сотқа тапсырылды. Олар 2015 жылдың қыркүйегінен 2016 жылғы сәуірге дейін жалпы сомасы 2,3 млн.теңгенің 1 724 литр құрамында спирт бар сұйықтықты қолдан құйып сатқан.
Бұдан басқа, 4 алкоголь өнімдерін өндіруші-зауыттарға: «БН-А» ЖШС, «Алмалыбак» ӘКК, «Омирбек» ЖШС және «Максимус» ЖШС қатысты сотқа дейінгі өндіріс тіркелді, олардың 2-уі бойынша кінәлілер сотталды.
Жалған ақша жасау саласында ағымдағы жылы 102 қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Жалған ақша жасаумен айналысқан 3 астыртын цех қызметінің жолы кесілді. Барлығы жалпы сомасы 2,2 млн.теңгеге жалған купюра алынды.
Мысалы, ағымдағы жылы 29 маусымда Алматы қаласы бойынша МКД қызметкерлері 3 азаматты ұстады. Олардың көлігінде 46 дана жалғандық белгілері бар 2 000 теңге номиналымен ақша купюралары табылды. Дәл сол күні олардың біреуінің тұратын жерінде тінту кезінде компьютер, 359 дана жалған ақша белгісі бар банкноттар, 2 000 теңге ақша белгісі бар қағаз парақтары табылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Аымдағы жылы 13 маусымда Алматы облысы бойынша МКД қызметкерлері 100 АҚШ доллары номиналындағы 15 жалған ақша купюрасын 100 000 теңгеге өткізу кезінде Д деген азаматты ұстады. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырудың жолын кесу бойынша белсенді шаралар қабылданды.
19 астыртын казино, 52 онлайн-казино, 119 ойын автоматтары залының қызметінің, 136 жалған лотерея, букмекерлік контораның және тотализаторлардың лицензиясыз қызметінің 98 фактісінің жолы кесілді.
Қазақстан аумағында интернет-казино қызметін көрсетуші интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу нәтижесінде Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Департаменттері «Зеросыз» американдық, европалық, француздық рулеткалары онлайн ойынының қызметі көрсетілетін 19 сайтты анықтаған.
Біздің бөлімшелердің қолдаухаттары негізінде прокуратура органдары сотқа интернет-ресурстарды заңсыз деп тану және Қазақстан аумағында олардың таратылуына тыйым салу туралы талап-арыздар жолдап, олар қанағаттандырылды.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті Украинада тіркелген сайтқа қосылу арқылы құмар ойындар жүргізілетін 32 Inbet букмекрлік контораларын анықтады. 25 қылмыстық іс бойынша сотқа жолданып, олар бойынша 13 үкім шығарылды және 12 тұлға сотталды.
Сөздің соңында құқық бұзушылық жасаудың барлық фактілері бойынша азаматтар бізге және біздің аумақтық бөлімшелерге жүгіне алатындығын атап өткім келеді.