16:44, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Экономикалық тұрғыдан қарағанда, доллар бағамының өсуі қажетті үдеріс - Үкімет басшысы
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Экономикалық тұрғыдан қарағанда, доллар бағамының өсуі қажетті үдеріс. Бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық кеңесінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Экономикалық тұрғыдан қарағанда, доллар бағамының бүгінгі өсуі қажетті үдеріс болып табылады. Ал ендігі күні Үкіметтің облыс әкімдіктерімен бірлесіп атқаратын міндеті жағдайды қалыпты тұрғыда ұстау болып табылады. Бүгінгі күні белгілі болып отырғанындай, әрі алдағы уақытта доллар бағамы 3 пайыздық ауытқумен 150 теңгені құрайтын болады. Мен құқық қорғау органдарына өздерінің өңірлік бөлімдерінен алыпсатарлық қобалжуларды болдырмауды, оның алдын алуды сұраймын. Яғни, бүгінгі жағдайдан пайда табамын деушілер болмауы тиіс. Бұл бағытта нақты әрі түсінікті қадамдар қажет», - деді К. Мәсімов.