Экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өтті

Тәжікстан Қазақтан Республикасының тұрақты серіктестіктерінің бірі болып табылады. Екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтық тұрақты өсімінің динамикасы алдымен екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымын арттырумен қолдау табатындығын атап өту керек.
2011 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақтан мен Тәжікстан арасындағы сыртқы сауда көлемі 363,2 млн АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім қарқыны 149,5 пайызды құрады.
Отырыс жұмысына мүдделі министрлік өкілдері, мемлекеттік басқарманың өзге де республикалық органдары, екі елдің кәсіпкерлік қызметіндегі субъекті өкілдері қатысты. Жиын барысында тараптар Қазақстан Республикасына тоқыма кәсіпорындары үшін мақта-талшықты жеткізу және өзара пайдалы ынтымақтастықты жолға қою мәселелерін қарастыруға келісті.
Тараптар жақын арада Тәжікстан Президенті жанындағы Нашақорлықты бақылау агенттігі мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында денсаулық мәдениеті мен спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Тәжікстан Үкіметі жанындағы спорт туризм, жастар ісі комитеті арасында келісімге келуді жоспарлауда. Сонымен қатар есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлардың заңсыз айналымымен күресуде ынтымақтасуға уағдаласты. Сондай-ақ таяу арада аталған келісім жобаларына қол қоюға дайындауға келісті.
Тараптар Экономикалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын 2012 жылы Душанбе қаласында өткізуге уағдаласты.