Экономикалық және заңгерлік мамандықтарды даярлауға елеулі материалдық база қажет болмағандықтан ЖОО-лардың көпшілігі дәл осы категорияға негізделіп отыр
Таратылған мәліметтерге қарағанда, бүгінде Қазақстандағы жоғары оқу орындарында 572 мың студент білім алып жатыр. Осының ішінде ақылы түрде оқып жатқандардың үлесі 75 пайызға жетіп отыр.
«Экономикалық, заңгерлік, қызмет көрсету, гуманитарлық мамандықтары бойынша ақылы түрде оқыту жағына ауытқушылық бар»,-деді вице-министр.
Белгілі болғандай, жекеменшік оқу орындарының 80 пайызы аталған мамандықтар бойынша оқытып жатыр. Атап айтқанда, осы мамандықтар аясында студенттерді оқыту қымбат жабдықтар мен зертханалық құралдарды сатып алуды қажеттілік етпейді.
«Бұл мамандықтарды даярлауға ауқымды материалдық-техникалық база керек емес. Сондықтан да жоғары оқу орындарының көпшілігі дәл осы категорияға негізделіп отыр. Мәселен, 63 жекеменшік оқу орындарының 56-сы (88,8 пайызы) экономистерді, 44 оқу орны заңгерлерді даярлауда», -деді М. Орынханов.
Сөз соңында ол көптеген жекеменшік жоғары оқу орындарында ақылы түрде оқыту бұл оқу орнының қаржылық ресурсының жалғыз көзі болып табылатыны, алайда бұл үрдіс үздік әлемдік тәжірибеге сай келмейтінін атап өтті.