Экономиканың үдемелі дамуының базалық шарты макроэкономикалық орта болып табылады - Қ.Келімбетов

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: Тәуелсіздікке 20 жыл және жаңа міндеттер» атты экономикалық форум барысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Орта өзінен өзі өнімділікті немесе бәсекеге қабілеттілікті арттыра алмайтындығы түсінікті. Дегенмен маккроэкономикалық көрсеткіштерді оңтайлы деңгейде қолдау бизнесті дамыту үшін айтарлықтай маңызды», - деп атап өтті Қ.Келімбетов.
Оның айтуынша, макроэкономикалық ортаның қолайлы жағдайын даму көрсетіштерінен-ақ байқауға болады. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында еліміздегі инфляция деңгейі 6,5 пайызды құрап, өткен жылғы сәйкес көрсеткіштен болмашы ғана артты. Жылдық тұрғыда инфляция 8 пайыздық деңгейде қалыптасты және жоспарланған 6-8 пайыздық дәлізде қалып отыр.