Екпінді жел, қатты жаңбыр: Үш өңірде 8 трасса жабылды

Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің 3 өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Кazinform бұл туралы QazAvtoJol компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

жол жабылды
Фото: pexels.com

Ақмола облысында:

  1. «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
  2. «Жақсы – Есіл – Бұзылық» жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;
  3. «Жезқазған – Петропавл» күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
  4. «Екатеринбург – Алматы» тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы.

Солтүстік Қазақстан облысында:

  1. «Жезқазған – Петропавл» күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;
  2. «Екатеринбург – Алматы» автожолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы.

Қостанай облысында:

  1. «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола
  2. «Жезқазған – Петропавл» тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы.

Жол бойындағы жұмыстарға 170 арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар