Экс-әкім Исекешев халық есінде қандай істерімен қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әсет Исекешев Астана қаласын екі жыл басқарды. ҚазАқпарат тілшісі сол уақыт ішінде бас қаланың түйінді проблемаларын шешу мен елорданың болашақ дамуы жолындағы экс-әкімнің қол жеткізген негізгі жетістіктеріне шолу жасады.    

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев 2016 жылы 21 маусымда Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.

Сонымен халық есінде қалған, қоғам талқылауына жиі түскен Әсет Исекешевтің тікелей қатысуымен шешілген мәселелерді тізбектесек:

 Ең алдымен, Әсет Исекешев қаланы басқарып тұрған кезеңде елордада үш  айға созылған «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өткенін атап өту қажет. Төрткүл дүние назары Астанаға ауған шақта елорда елді ұятқа қалдырмады. Ірі халықаралық шараны абыроймен өткізуде Әсет Исекешевтің де еңбегі зор.

nullАстана қаласы тұрғындарының негізгі проблемаларының бірі - от жағу мерзімі басталғанда, жел болмаған күндері әсем қаланы көк түтіннің басуы. Аталған мәселе жыл сайын қоғам назарына ілігеді. Мәселені түбегейлі шешу жолында қала басшысы Бейжіңнің атмосфераны тазарту бағытында атқарылған жұмыстарын өз тәжірибемізде қолдануға қызығушылық танытқан еді. Дегенмен қала әкімі бұл аз уақыттың ішінде шешілетін проблема емес деген болатын. 

Исекешевтің игі істерінің бірі - қаладағы жөнсіз орналасқан сауда нүктелерін реттеу мен қалалық вокзал маңындағы бейберекетсіздік. Өйткені, ескі вокзал маңындағы автотұрақтың болмауы қолайсыздық тудыратын, сондай-ақ  халық арасында сол маңай жеңіл жүрістілердің мекені деген қауесет жиі айтылған. Осы сұрақ қала әкімінің қатаң бақылауына алынып, патрульдік полиция кезекшілігі қойылды.

null Елорда әкімі сонымен қатар шенеуніктер санын қысқартты. 2017 жылы қалалық әкімдіктегі 26 құрылымдық бөлімше 17-ге дейін қысқартылды. Тиісінше, басшылық құрам саны да азайды. Есесіне энергетик, жолшы, құрылысшы сынды мамандар ұлғайтылып, олардың саны 80 пайызға дейін көбейді.

Әсет Исекешевтің басшылығымен жүзеге асырылған қоғамдық маңызы бар жаңашылдықтың бірі - «Сергек» камерасын орнату. Аталған шара өз нәтижесін де беріп жатыр, яғни «Сергек»-тің сергектігінің арқасында орта есеппен қылмысты - 30 пайызға, ал жол-көлік оқиғаларын 18 пайызға төмендету мүмкін болды. Бүгінде «Сергек» камералары 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты ашуға мүмкіндік берді және оның көмегімен 14 млн теңге айыппұл салынған.

null Үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап елордадағы қоғамдық көліктерде сараланған жаңа тариф енгізілді, бұл туралы елордалықтар әлі күнге дейін  қызу талқылап, түрлі пікірлер айтылып жатыр. Осы тұрғыда Ә.Исекешев аталған жаңа жобаға жауапты Астана LRT жұмысына: «Валидаторлар тұрақты жұмыс істемесе, жолаушыларды тегін тасыңдар», - деген болатын.

Бас қаланың тыныштығын сақтау жолында Исекешев «iKomek» мониторинг және жедел әрекет ету қалалық орталығын іске қосты.  «iKomek» мониторинг және жедел әрекет ету қалалық орталығы жедел мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Бүгінде ТКШ саласындағы барлық сұрақтар біріктірілді (электр және сумен жабдықтау, ПИК, лифт компаниялары, қоғамдық көлік және т. б.). Енді 112 шұғыл ден қою орталығы құрылуда, келешекте олар АҚШ пен Канададағы «911» сияқты жұмыс жасауы тиіс. Қосылу 101, 102, 103 нөмірлерінен басталады. Бұл осы нөмірлер тиісті қызметтердің жедел әрекет етуін қамтамасыз етеді.

null Әсет Исекешевтің қала басшылығынан кетер алдындағы енгізген тағы бір жаңалықтарының бірі - қызметтік көлікті таксиге ауыстыру. Астана әкімдігі биыл такси қолдану бойынша пилоттық жобаны іске қосқан болатын. Осы жылдың қыркүйек айында қала әкімдігі қызметтік көліктерден бас тартып, таксиге көшті.
null 

Бұл Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі лауазымында болған екі жылда атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана. Естеріңізге сала кетсек, кеше ол Елбасының Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ал елорда басшысы қызметіне бүгін Бақыт Сұлтанов кіріскен болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram