ЭКСКЛЮЗИВ: Жиддадан Меккеге дейінгі сапар және Қағбаны алғаш көргендегі керемет сезім

Киелі мекенге жол жүрмес бұрын біраз уақыт ішкі дайындық жүргіздім. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолы мен тағылымдары туралы көп әңгімелер оқыдым.
«Астана-Әбу-Даби» бағыты бойынша бет алған Etihad Airways ұшағындағы жолсерік көршім де жылыұшыраған әңгімешіл жан болып кезікті. Сайд - пәкістандық. Сәулет саласында білімі бар, Астанада танымал нысандардың бірінде еңбек етеді. Үш тілді (араб, урду және хинди) жақсы меңгерген. Әрі француз, неміс тілдерін үйреніп жүр екен. Ағылшын - коммуникация құралы. Кейін белгілі болғандай, Мединеде дүниеге келген Әмірлік азаматы отбасымен және ата-аналарымен Үндістанда тұрады екен.
Сайдтың пікірінше, Қазақстан - табиғи және адами әлеуеті жоғары ерекше ел. Астана дамыған елдің жас жүрегі іспеттес. Ол Қазақстан шетелдіктер үшін барынша ашық бола түскені, жастар елінің халықаралық аренада кеңінен танылуы үшін бар күш-жігерлерін жұмсап жатқаны үшын қуанатанын айтты.
Жол барысында үш рет қажылыққа барған, 10-13 рет Умра ғибадатын өткерген жаңа досым Саид маған нұсқаушы бола білді.
«Әл-Харам мешітіне барғанда, кіреберісте ішіңнен дұға қайырып, табалдырықтан оң аяғымен аттап кір. Жан-жағыңа қарама, Қағбаның қай бағытта екенін білетін адамның соңынан ер. «Әл-Бэйт әл-Харам» атауы бар қағбаның арабшадан аудармасы «киелі үй». Ол өзі бастап барсын, сен көзіңді жұмып жүр. Қағбаға жақын келгенде, оған қарауыңа болады. Бұл орынды көзбен көрген кезде тылсым күштің тікелей жүрегіңе қалай жеткенін бірден сезесің. Мединеде Масджид ан-Нанави мешітіндегі «Рауда» бағында міндетті түрде намаз оқы. Сондай-ақ Пайғамбардың жақсы көрген «ажуа» құрмасын сатып ал, - деді Саид, - «Таңертең «ажуа» құрмасымен оразасын ашқан адам сол күні пәле-жаладан сау жүреді», - делінген хадистердің бірінде.
Жайлы орындық, ашық та жарқын әңгімшіл көршімен бірге көңілімді ерекше қанатты сезім билегендей болды. Пилот ұшақтың қонайын деп жатқанын хабарлады. Әбу-Даби халықаралық терминалы бізді күтіп алды. Дәретхана, тазалық, жуыну бөлмедері әр ғибадатхананың кіреберісінде бар. Бұл түсінікті жайт. Себебі Әбу-Даби әуежайына жылына 12 миллионға дейін жолаушы қабылдауына тура келеді. Midfield Terminal орталық терминалын іске қосқаннан кейін бұл халықаралық әуежай жылына 20 миллионға дейін жолаушы қабылдау мүмкіндігіне ие болады.
Намазханаға төселген қалың кілемге жайғасып, Умра ғибадатын жасаудың алғашқы сатысына өттік, - ихрамға кіріп, тауап және сахи жасадық. Басқа уақытта істеуге рұқсат етілген кейбір іс-әрекеттер умра уақытында харам болады. Бұл кезде жыныстық қатынас, оны еске алу, және соған алып баратын сүю, аймалау секілді барлық амалдар, Аллаһқа бойсұнбау және күнәлі істер жасау, адамдармен ұрысу, таласу, жанжалдасу, оларға тіл тигізу және т.б. тыйым салынады.
Ғұсыл рәсімін орындағаннан кейін әйелдер ақ киімге оранып, бастарына жаулық тағады, олардың беттері, саусақ ұштары мен табандары ғана көрінеді. Ер алдамдар екі ақ жайма оранады: біреуі иықтан тізеге дейін жабады, екінші жайманы сол иығына іледі. Бұл киім қажылық етушілердің ниетінің тазалығын, олардың Алланың алдындағы теңдігін білдіреді.
Жиддадан шыққаннан бастап Меккеге дейінгі жол мен Қағбаны алғаш көрген сәттегі керемет әсер жайлы келесі аптада оқыңыздар.