ЭКСПО-2017: 10 млрд. теңге дайындық жұмыстарына және құрылысқа жұмсалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» шарасына республикалық бюджеттен бөлінген 10 млрд. теңге дайындық жұмыстарына және нысандардың құрылысына жұмсалады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ресми сауалына «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Мемлекет бюджетінен бөлінген қосымша 10 млрд. теңге жобалық-сметалық құжаттаманы жасақтауға, ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысына, жобалық-іздестіру жұмыстарына, құрылыс алаңдарын дайындауға және құрылыстың бастапқы кезеңін жүзеге асыруға жұмсалады», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қазақстанда және шет мемлекеттерден инвестициялар тарту бойынша іс-қимылдарды белсенді жүргізіп келеді. Олардың сапалы тұстары мен көлемі туралы ақпарат 2014 жылдың соңында жарияланады. Еске сала кетейік, 11 наурызда ҚР Үкіметінің отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің ұлттық жоспарын іске асыру мақсатында қосымша 10 млрд. теңге бөлінетіндігін хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар