ЭКСПО-2017: Болашаққа бағдар

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, алдағы болатын «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің басты бағыты - «Болашақтың энергиясы» көрмесін таңдауда бәсекелестік басымдығы негізге алынды.
None
None

«Лас энергетиканы» пайдалану және адамдардың басқа да әртүрлі қызметтерінің салдарынан климаттың барған сайын өзгеруі, табиғат байлықтарын тиімсіз пайдалану және дәстүрлі көмірсутек отыны қорының азаюы жағдайында бұл тақырып бүгінде өте өзекті болып отыр. Ал болашақтың технологиясымен басқалардан бұрынырақ айналысуды бастаған мемлекеттер көп жағдайда суырылып алға шығары сөзсіз.

«ЭКСПО» көрмесінің көпжылдық тарихы бар, ол сонымен қатар қатысушы елдердің техникалық және технологиялық жетістіктерін, сондай-ақ, тарихын, дәстүрлері мен мәдениетін көрсетудің зор мүмкіндігі болмақ. Ол - әлем жұртшылығының және миллиондаған келушілердің назарын өзіне аударатын ірі оқиға. Сонымен қатар «ЭКСПО» көрмелері экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыратын орын ретінде қызмет етеді.

Әлемдік еңбек бөлінісінде шикізат базасы және өнімдері өткізудің жоғары бөлісі нарығы жағдайында қалған Қазақстан үшін тіпті көптеген қаржы мен күш-жігерді талап ететін мұндай жобалар жақсы шешім болмақ. Өйткені, үш-төрт жылдың ішінде экономикалық әртүрлі салаларында едәуір технологиялық секіріс жасап, біздің еліміздің басқа да бағыттарда осы деңгейге жетуіне мүмкіндік бермек.

Ресейлік ғалым Громыконың айтуынша, құрылатын кластерлер - көмірсутек саласынан тыс кірістер аймағы. Кластерді қалыптастырудың негізгі идеясы ғылыми негізделген және технологиялық жағынан жүзеге асырылатын кешенді шешімдер, сондай-ақ жоғары бөліс өнеркәсібін (жаңа ұрпақ приборларын, машина жасау, жаңа материалдар - полимерлер, өте таза материалдар, нанотехнологиялар) қайта жарақтандыру үшін жағдай жасаудың коммерциялық тетіктері және сөйтіп, тиімді инвестициялық салымдарға кешенді өндірістік-технологиялық бумалар әзірлеу. Инвестициялық жобалар негізінде алынған мұндай шешімдер өнеркәсіптің ресурс өндіретін секторынан тыс тиімді ақшалай салымдар қалыптастырудың шарты болып табылады.

Бұл коммуналдық саладағы жаңа технологияларға қатысты. Егер ЭКСПО-2010 астанасы болған Шанхай бірнеше жылдан бері электрмагниттік тірекке негізделген, сағатына 450 шақырым жылдамдықпен жүретін жүрдек пойыз - маглевті біірнеше жылдан бері пайдаланып келе жатқан болса, ал Астана осы қаланың жағдайына жарамды жеңілрельсті көлік пен жоғары жылдамдықты автобус жолбағыттарын іске қоспақ. Мұның өзі секіріс, ол интеллектуалдық ресурстарды тартып, технологияны одан әрі дамытуға және болашақта оны елдің басқа өңірлерінде дамытуға жол ашады.

Ұлыбритания Біріккен Корольдігі де биылғы жылы Шотландия астанасы - Глазгода «болашақтың қаласы» жобасын жүзеге асыруды бастады. Онда тұрғындарға көрсетілетін негізгі қызметтер сапасы жақсартылатын болады. Өзгерістер көлік жүйесінен бастап денсаулық сақтауға дейінгі барлық саланы қамтитын болады. Кедей адамдар тұратын, тиісті қызметтерге ақы төлеуге дәрменсіз орамдар тұрғындары үйлерінің жылыту жүйелеріне ерекше көңіл бөлінбек. Қаладағы бейнебақылау жүйесі жол оқиғаларын сол сәтінде анықтауы үшін жолға қойылады. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі және камералар қылмыстарды дер кезінде анықтаумен қатар оларды болдырмауға пайдаланылады. Сонымен бірге, муниципальдық қызметтерге жолдағы шұңқырлар немесе қоқыс салатын жәшіктердің болмауы, автобустар мен пойыздардың кесте бойынша жүріп келе жатқанын білу туралы хабарлауға мүмкіндік беретін ұтқыр қызметтер құрылмақ. Мұндай қызметтер Ресейдің бірнеше қалаларында жұмыс істейді.

Глазгоның тәжірибесі басқа қалаларға да таратылады. Қазірдің өзінде Бирмингем, Сандерленд және Лондонда «ақылды қалаларға» сәйкес технологияларды енгізу басталды.

Басқа да қызықты мысалдар бар. ЭКСПО-2017-ге әзірлене отырып, Қазақстан үкіметінің және көрменің ұйымдастыру комитетінің өкілдері экологиялық жобалар үлгілерін зерделеуде. Айталық, Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиден он жеті шақырым жерде Масдар-сити «болашақтың қаласы» жобасы жүзеге асырылуда. Оған энергияның көздерін әртараптандыру, энергия үнемдейтін технологияларды дамыту, осы саладағы өз кадрларын даярлау мақсатында Әбу-Даби әмірлігінің үкіметі бастама жасады. Сөйтіп, «Масдар» жобасы әлемдегі күн энергиясымен, басқа да қайтарымды энергия көздерімен қамтамасыз ететін, атмосфераға көмірқышқыл газын шығаруды азайтып, орнықты экологиялық орта қалыптастыратын, сондай-ақ қала қызметінің қалдықтарын толық өңдеу жүйесі бар әлемдегі алғашқы қала болмақ.

Қазақстанда «болашақтың қаласын құрудың өзіндік жолы бар. Ол қандай болмақ, бұл мәселелермен мамандар айналысуда. Дегенмен қазірдің өзінде фантастикалық фильмдердегі футуристік идеялар біздің елімізде де жүзеге әсырылатыны түсінікті болып қалды.

Соңғы жаңалықтар