ЭКСПО-2017: Елдердің павильондарында Мөлдір, Сәуле мен Қуаттың қандай «достары» бар

Халықаралық көрменің ресми келбеті, бойтұмары Сәуле, Мөлдір және Қуат екені белгілі. Олар Күн, Су мен Жердің энергиясын, сонымен бірге Болашақ энергиясын да бейнелейді. Олардан бөлек Дәрмен есімді де бойтұмар бар. Ол елімізге келген меймандарды атом энергиясымен қарсы алады. Аталған кейіпкерлер көрмеде жалғыз емес екенін айта кету керек.
Мәселен, Америка Құрама Штаттарының павильонында Стив есімді бүркіт бар. АҚШ-тан келген елші-студенттер басқа павильондарға барғанда оны өздерімен бірге жиі алып жүреді.
Корея павильонының құрметті елшісі - әлемге әйгілі кейіпкер Пороро. Ол да Қазақстанда танымал болғандықтан таңдалып алынған. Ауқымды фигура мультфильмдердің өзге де кейіпкерлерімен бірге балаларды қуантады. Бірер сағаттың ішінде олар балалар үшін толыққанды қойылым қояды. Пингвин, аю, шөл түлкісі мен динозавр, құрып кеткен немесе жаһандық жылынудың салдарынан жойылып кетудің алдындағы фаунаның өкілдері балаларға Кореяның павильоны «Болашақ энергиясы. Ақылды өмір» туралы қызықты әңгіме айтып береді.
Тайландтың бойтұмары болашақ энергиясының қуатын паш ететін - Пха-Ланг есімді жүгері. Тайландта қазақстандықтар көбінесе жүгеріні тұтынады деп ойласа керек. Мұндай бойтұмарды таңдай отырып, тайландтық өкілдер көрмеге келушілерді көптеп тартуды көздеген екен. Сондықтан, Тайланд Пха-Лангты өз павильонының бойтұмары ретінде таңдап алған. Кейіпкер сондай-ақ 3D форматында павильондағы мультфильмде көрсетіледі. Ол мультфильмде Сәуле, Мөлдір мен Қуат та бар.
Ресей павильонының символы - амур жолбарысы. Авторлардың ойы бойынша, ол Шығыс Ресей табиғаты энергиясының бойтұмары болып табылады.
Қытайлықтар феникс құсын таңдап алған. Оның қытайдың дәстүрлі ою-өрнектерімен қашалған қанаттары бар. Логотип 3000 мың жыл бұрынғы тарихпен байланыстырыла жасалған. Алтындай жарқыраған қанаттарындағы ою-өрнектер сағат тілімен айналады.