«ЭКСПО-2017» кезінде 3 мың шаршы метр аумаққа қазақтың этноауылы салынады - Т.Ермегияев

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» кезінде 3 мың шаршы метр аумаққа қазақтың этноауылы салынады. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлім етті.
None
None

«ЭКСПО» шарасы кезінде Қазақстанға шетел азаматтары миллиондап ағылатын болады. Өзіміздің дәстүрімізді, мәдениетімізді көрсету керек. Сол үшін, біріншіден, Халықаралық көрме бюросының талабы Қазақстанның павильонын салу қажет, жоспарда оның барлығы бар. Екіншіден, этноауыл салынады. Қазақтың бұрыннан келе жатқан тарихы мен дәстүрі бар, соны көрсетуіміз шарт. Шеберлер ауылы да салынады, ол мәселелердің барлығы бойынша ҚР Мәдениет министрлігімен бірге жұмыс жасап жатырмыз. Қазақстан павильоны қасынан 3 мың шаршы метр жер беріледі. Сол жерде шетелден келетін меймандарға мәдени шаралар өткізілетін болады», - деді ол журналистердің қойған сұрағына жауап беру кезінде.

Соңғы жаңалықтар