«ЭКСПО-2017» Көрме кешенінің аумағында 38 нысан бой көтеретін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалпы ауданы 174 гектар болатын «ЭКСПО-2017» Көрме кешенінің аумағында 38 нысан бой көтеретін болады. Жобаға 8 құрылыс ұйымы және 3500-ден астам жұмысшы қатысып жатыр.
None
None

Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» Көрме кешенін аралау барысында болашақ халықаралық, тақырыптық павильондарының, сондай-ақ сауық және қызмет көрсетуші нысандарының макеттерімен танысты. Кешеннің көрме аймағында диаметрі 80 метрлік, шар пішініндегі Қазақстанның Ұлттық павильоны, сондай-ақ халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме сыртындағы аймаққа конференция орталығы, баспасөз орталығы, жабық қала, тұрғын үйлер мен қонақ үйлер енеді. ЭКСПО нысандары жел, күн және өзге де баламалы қуат көздерінен алынатын «жасыл» энергетикамен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар