«ЭКСПО-2017» көрмесі Астананы көркейте түседі - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев салынып жатқан «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенін аралау барысында көрмені өткізудегі мақсат Қазақстанның табыстарын әйгілеу, әлемдік қоғамдастыққа оның мүмкіндіктерін паш ету екенін атап өтті.
None
None

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елбасы жоба Астананың беделін бұдан да әрі нығайтуға септігін тигізетініне назар аударды. - Көрме елордамызды мүлде өзге қырынан көрсетеді, оны кеңейте және көркейте түседі. Бүгінгі таңда Астанада маңызды нысандар аз салынған жоқ. Алайда, ЭКСПО кешені - мүлде басқа сападағы, ХХІ ғасыр талаптарына толықтай сай келетін технологиялар қолданылатын жоба. Елорда тұрғындары мен меймандары үшін энергетика саласындағы болашақпен қауышудың, ғылыми жетістіктерді көрудің және бой көтерген нысандардың көркін тамашалаудың мүмкіндігі туады, - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар