12:40, 14 Наурыз 2014 | GMT +5
«ЭКСПО-2017» көрмесiн ресми тiркеу маусымда өтедi
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» көрмесiн ресми тiркеу маусымда өтедi. Бұл туралы бүгiн Астанада Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес мәлiм еттi.
«Бiз Қазақстан ұсынған ЭКСПО-2017 көрмесiн тiркеу шарасын маусымда өткiземiз. Көрме ресми түрде тiркелiп, қабылданғаннан кейiн халықаралық көрменiң жалауын табыстау салтанаты өтедi. Сол кезден бастап Қазақстан барлық кеңселерде өз өкiлдерiн ұсына алады және барлық маңызды шараларда қатысатын болады», - дедi ол.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Талғат Ермегияевтiң айтуынша, тiркеу құжаттамасын қабылдау аясында қазiргi уақытта бiрқалыпты жұмыстар атқарылуда. Ал көрменiң алғашқы iргетасы мамыр айында қаланбақ.