ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру мен өткізуге 200 мыңдай адам қатысатын болады - Е. Досаев

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге, оның нысандарын салуға, ұйымдастыру шараларына шамамен 200 мыңдай адам қатысатын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» атты заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.

Министрдің айтуынша, техникалық экономикалық негіздемесі дайын болған кезде ЭКСПО-ға тартылатын жұмысшылар саны нақты белгілі болады.

«175 гектар жер бөлінген болатын. Ондағы нысандар, жалпылама алғанда, жаңа Астананың үлгісі секілді салынады. Онда тұрғындар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасалады. Жаңа, заманауи стандарттарға сай ерікті өртке қарсы қоғам құру көзделген. Жалпы, айтулы көрмеге орай, оған келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне де барынша көңіл бөлінеді», - деді Е. Досаев.

Соңғы жаңалықтар