13:23, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыруда Н. Назарбаевтың үлесі зор - В. Лоссерталес
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы В. Лоссерталес 2017 жылы Астанада өтетін мамандандырылған халықаралық көрмені ұйымдастыруда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қосып жатқан зор үлесін атап өтті.
«Осы көрме аясында жүзеге асырылатын шаралар, соның ішінде жаңа терминалдың және Астана қаласы әуежайындағы ұшу-қону алабының құрылысы, сонымен қатар Астана қ. мен Қазақстанның логистикалық және көлік инфрақұрылымының дамуы көрменің сәтті өтуіне ықпал етеді.
Астанаға барған соңғы жұмыс сапарымда көрме өтетін аумақта құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын атап өткенмін. ЭКСПО-2017 құрылысына қаражаттың бөлінуі көрменің ары қарай дамуына септігі тигізеді", - деді ол.