ЭКСПО-2017 көрмесiн ұйымдастыруға KAZENERGY қауымдастығы атсалысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - KAZENERGY қауымдастығы мен «Астана ЭКСПО 2017» ҰК АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Шартты бекiту шарасы бүгiн Астанада «KAZENERGY» ЗТБ Қауымдастық кеңесінде өттi.
None
None

Құжатқа «Астана ЭКСПО 2017» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бiрiншi орынбасары Әлiшер Пiрметов пен KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов қол қойды.

«Бiз қауымдастықтың толық мүмкiндiгi мен мол тәжiрибесiн қолдануымыз керек. Өйткенi бұл ұйым үлкен халықаралық энергетикалық компаниялармен жұмыс жасайды. Болашақта бiз баламалы энергетика көздерiн пайдалану, энергия үнемдегiш технологияларды қолдану бойынша iстердi атқаруымыз керек. Сондықтан меморандум өз нәтижесiн бередi деп санаймыз», - дейдi Ә. Пiрметов.

Айта кетейiк, қауымдастық кеңесiнде қатысушылардың назарына қауымдастықтың 2014 жылғы жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп ұсынылды. Келесі жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

«KAZENERGY» қауымдастығының кеңесі Қауымдастық төрағасы басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеп отырған және Қауымдастық мүшелерінің қатарына кіретін ірі мұнай-газ және энергетика компанияларының басшылары қатысты. Кеңес отырысында Қауымдастықтың қызметі жөнінде ұсыныстар қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар