«ЭКСПО -2017» көрмесінде Әуезов театры Рақымжан Отарбаевтың тарихи драмасын сахналайды
«Елімізде өтетін Дүниежүзілік көрме аясында Әуезов театры Астана опера және балет, Астана Жастар театрының сахнасында 18-26 маусым аралығында қойылымдарын «Экспо-2017» қонақтарына ұсынатын болады.
Атап айтсақ, Ғ.Мүсіреповтың «Махаббат дастаны» трагедиясы (реж.Қ.Сүгірбеков), «Қыз Жібек» мюзиклі (реж. Е.Нұрсұлтан), М.Әуезовтың «Абай» трагедиясы (реж. Е.Обаев), Р.Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарыс» тарихи драмасы (реж. Ю.Ханинго-Бекназар), М.Омарованың «Көмбе нанның дәмі» драмасы (реж.А.Кәкішева), Ғ.Есімнің «Таңсұлу» драмасы (реж. А.Кәкішева), Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» аңыз-дастаны (реж. Й.Вайткус) көрерменге жол тартпақ», делінген хабарламада.
Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған спектакльдер халықтың зор қошеметіне бөленген шығармалар.