ЭКСПО-2017 көрмесіне 26 мемлекет қатысатындықтарын ресми растады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға ниетті елдер барынша көп болады. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Ұлттық Комиссары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлім етті.
None
None

«Бүгінде Қазақстанда өтетін халықаралық көрмеге 26 мемлекет қатысатындықтарын ресми түрде растады. Қазіргі кезде тағы да көптеген елдер қатысатындығын алға тартуда. Үш халықаралық ұйым қатысатындығын ресми мақұлдады. Менің ойымша, биыл біз қатысуға ниетті елдерді барынша көп жинайтын боламыз. Шамамен, 60-70 мемлекет Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне қатысатындықтарын ресми түрде растайды деп күтілуде», - деді Р. Жошыбаев.

Осы орайда ол үрдіс жалғасатынын және бұл бағыттағы шаралар аталған мемлекеттерде бюджеттерді бекітуге, ішкі үдерістерге байланысты екенін жеткізді.

«Астанадағы көрме халықаралық айтулы оқиғалардың бірі болатынына сенімдімін. Біз ЭКСПО-2017 шарасын ең жоғары деңгейде өткізуге бар күш-жігерімізді саламыз», - деді Рәпіл Жошыбаев. Айта кетейік, EXPO-2017 халықаралық көрмесі 2017 жылы Қазақстанда өткізіледі. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар