ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттің жаңа түрі шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне 1 млн 800 мың билет сатылды. Бұл туралы бүгін көрменің 1 айлық жұмысын қорытындылаған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«1-10 шілде аралығында біз қосымша акция өткізіп, тағы бір жаңа билет енгізілген болатын. Ол кешкі билет деп аталады және сағат 18:30-дан бастап көрме жабылғанға дейін жарамды. Осылайша кешкі билетті 25,5 мың адам, 3+1 акциясын 14,5 мың адам пайдаланды», -  деді ол.

Оның айтуынша, 17 жасқа дейінгі балалар демалыс күндері тегін кіре алатын жастар тарифін 50 мыңнан астам кәмелеттік жасқа толмағандар пайдаланған.

«Сонымен қатар тағы да бірқатар қосымша билеттік өнімдерді әзірлеп жатқанымызды айта кетейін. Ол жайында сәл кейінірек хабарлайтын боламыз. Қазіргі сәтте көрмеге 1 млн 800 мың билет сатылды», - деді Еркімбаев.

Айта кетерлігі, бұған дейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов 1 айдың ішінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін 920 мыңнан астам келуші тамашалағандығын айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар