«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық жөніндегі жұмыстар Прагада таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 18-21 ақпан күндері Прагадағы ҚР Елшілігі Чехия Республикасының Аймақтық даму министрлігінің ресми қолдауымен өткен «HolidayWorld» атты 25-ші мерейтойлық туристік көрмесіне қатысты.
None
None

Елшілік Прагадағы чех жұртшылығы мен қонақтарының назарына Астанадағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған таныстыру материалдары бар экспозицияны ұсынды.

Көрме барысында Қазақстанға чех және шетелдік туристерді тарту үшін туристік бизнес өкілдері, ірі туристік операторлар және қонақүйлермен іскерлік байланыстарды жолға қойды.

Аталған көрме жаңа тиімді келісімдер орнату, сондай-ақ іскерлік байланыстарды жолға қою мүмкіндіктерін ұсынады. Биылғы жылы «HolidayWorld 2016» көрмесімен қатар «RegionWorld» көрмесі де өткен.

null

Соңғы жаңалықтар