ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға әйелдер бизнесі шақырылады - ҚР Мемлекеттік хатшысы

«Жасыл» экономиканы дамыту және «ЭКСПО-2017» көрмесіне әйелдерді тарту мақсатында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Әйелдер істері және отбасы-демографиялық комиссиясы мен «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы Қазақстанда «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне кәсіпкер-әйелдерді қатыстыру тұжырымдамасын жасауда. Онда шамамен 150 шара өткізу жоспарланған», - деп атап өтті ол Астанада өткен Әйелдердің Еуразиялық саммитінде.
«Бүгінгі саммиттің делегаттары осы іске сеніммен қарап, ЭКСПО-2017 қозғалысының елшілері болатынына сенемін», - деді Г.Әбдіхалықова.
Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтпек. Көрме тақырыбы - «Болашақ энергиясы». Оған шамамен үш айдың ішінде 5 миллион турист келеді деп күтілуде.