«ЭКСПО-2017» көрмесіне орай Астанада 21 қонақ үй салынып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Астанада 21 қонақ үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлім етті.
None
None

Еске салдайық, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға жеңілдіктер мен преференциялар беру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Талқылау барысында депутат халықаралық көрме үш ай бойы жұмыс істейтінін, оған көптеген шет елдерден қонақтар келетінін айтып, дайындық мәселесіне назар аударған болатын.

«Қазіргі күні Астана қаласында 21 қонақ үйдің құрылысы кестеге сай, жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Жаңа теміржол вокзалы салынуда. Сонымен қатар, әуежайда жаңа терминал құрылысын ЭКСПО-ға қарай аяқтау күтіледі. Ұлттық компанияның өзінде туризм департаменті ашылған. Осыған орай, Астана қаласы қонақтарды күтуге жан-жақты әзірленіп жатыр деп айтуға болады», - деді Р.Жошыбаев.

Еске сала кетейік, Астана қаласы «ЭКСПО-2017» көрмесін 10 маусым мен 10 қыркүйек арасында өткізуді жоспарлайды. Оған 200-ден астам ұйымдар мен әлем елдерінің өкілдері қатысады. Қазіргі күні 70 мемлекет өздерінің қатысатындығын ресми растаған.

Соңғы жаңалықтар