ЭКСПО-2017 көрмесіне ресми қатысушылардың жүргізуші куәліктері Қазақстан аумағында заңды деп танылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 көрмесіне ресми қатысушылардың жүргізуші куәліктері Қазақстан аумағында заңды деп танылады. Бұл туралы бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков мәлім етті. Еске салайық, комитетте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға жеңілдіктер мен преференциялар беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқыланған болатын.
None
None

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковтың айтуынша, Келісім үш тарау мен 24 баптан тұрады.

«Келісімге сәйкес, көрмеге қатысушы елдің секция комиссары мен штат қызметкерлері барлық салық төлемдерінен, сондай-ақ секция комиссары кедендік төлемдер мен алымнан босатылады. Бұдан бөлек, секция комиссарының барлық қызметкерлеріне, оның ішінде отбасы мүшелеріне тегін бір жылдық визалар беріледі. Сонымен қатар, келісім аясында секция комиссары мен оның қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне де преференциялар қарастырылған», - деді А. Волков.

Оның сөзіне қарағанда, көрмеге ресми қатысушылардың Қазақстан аумағындағы жүргізуші куәліктері заңды деп танылады. Бұдан бөлек, көрмеге ресми қатысушылардың Қазақстанның мемлекеттік органдарымен қарым-қатынасын қамтамасыз етіп, оларға мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдету үшін «бір терезе» қағидасы бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай орталықтар құрылатын болады.

Айта кетерлігі, келісімде қарастырылған жеңілдіктер мен преференциялар 2016 жылдың 1 наурызынан күшіне еніп, 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады. Ал кедендік жеңілдіктер 2018 жылдың 9 наурызынан кейін күшін жояды.

Соңғы жаңалықтар