ЭКСПО-2017 көрмесiнiң меймандарына арнайы турпакеттер әзірленіп жатыр
Олардың хабарлауынша, қазiргi уақытта арнайы комиссия үш турпакеттi iрiктеп алған.
«Астананың түнгi жарығы» атты тур Есiл өзенi бойымен басталады. Туристер кемемен түнгi елорданы шолып өтiп, кейiн автобуспен қаланы аралайды. Тур Бейжiң сарайының шатырында орналасқан айналмалы мейрамханада, түнгi Астана жарығын тамашалаумен аяқталады. «Ел жүрегi - Астана» турында елорданың ең көрiктi жерлерi көрсетiледi. Онда ескi қаланы да, жаңа қаланы да аралай жүрiп, Астана тарихы баяндалады. «Жас елорда. Бурабай аңыздары. Заман сабақтастығы» атты турда бас қаламыз - Астана, жердiң көркi - Бурабай көлi қамтылады, олармен сабақтасып жатқан тарих пен ұлттық аңыз ұсынылады", - дейдi Р. Асанбаева. Оның сөзiне қарағанда, оларды таңдау барысында туристiк пакеттердiң сапасына мән берiлген. Сонымен қатар, қарапайым халықтың қолы жететiндей, турларды арзандату бойынша жұмыстар атқарылмақ. Бүгiнгi таңда жоғарыда аталған Астана бойынша екi күндiк туристiк турдың бағасы 20 мыңнан 45 мың теңгеге дейiн жетедi. Бұл бұдан әрi арзандатыла беретiн болады.
«Компаниялар ұсынған түрлi туристiк турларды әлi де таңдайтын боламыз. Олар туристердiң сапарын, жатын жерiн қамтитын болады. Олардың ұзақтығы 1 күннен екi аптаға дейiн жалғасуы ықтимал. Екi апталық турлар тек, Астана қаласымен шектелiп қана қоймайды, сонымен қатар өзге де өңiрлердi аралауға да мүмкiндiк бередi. Елорда маңындағы ауылдарда этнотуризмге ден қойған отбасылар бар. Соларға сапарлайды, қымыз iшiп, қазақ дәстүрiн көре алады. Мұндай ұлттық нақыштағы сапарларға шетел туристерi ынтызар болатыны сөзсiз. ЭКСПО-2017 қалашығының құрылыс барысымен таныстыратын туристiк турды да ұйымдастыру жоспарлануда. Болашақта елге үлкен пайда әкелетiн шараның құрылыс барысы кiм-кiмге де қызықты», - дейдi Р.Асанбаева.
Оның айтуынша, ол турлардың сапасы бiрiншi кезекте сараланатын болады. Туристiк қауымдастық «Астана ЭКСПО-2017» компаниясымен бiрге өзiмiздiң сапа сертификаттарын дайындамақ.