«ЭКСПО-2017» көрмесінің мүмкіндіктері «ИННОПРОМ - 2016» халықаралық көрмесінде таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаев Екатеринбург қаласында өткен 7-ші жыл сайынғы «ИННОПРОМ - 2016» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты.
None
None

«ИННОПРОМ-2016» 2010 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін ең ірі әмбебап өнеркәсіптік көрме болып табылады. Ағымдағы жылы көрмеге 95 елден 600-ден астам компаниялардың өкілдері қатысып, 40-қа жуық келісімдерге қол қойылған. Көрменің тақырыбы «Өнеркәсіптік желілер», оның ішінде «Қала технологиялары», «Энергетикалық технология» және  «Машина жасау технологиясы» сияқты тақырыптарды да қамтып отыр.

Көрме аясында «ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша арнайы панельдік сессиясы ұйымдастырылып, оған Ресей Федерациясының энергетика министрінің бірінші орынбасары Алексей Текслер, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Георгий Каламанов, Үндістанның саудасын ілгерілету бойынша ұйымының атқарушы басшысы, «ЭКСПО-2017» Үндістан секциясы Комиссарының орынбасары Шубхра Сингх, «EXPO-one» компаниясының басшысы - Қытай павильонының ұйымдастыру операторы  Ин Чжан және ресейлік энергетика, инновация және жаңа технологиялар саласындағы ірі компаниялардың басшылары қатысты.

Р. Жошыбаев сессияда сөйлеген сөзінде «Болашақ энергиясы» тақырыбы кездейсоқ таңдалмағанын атап өтті. «Дәстүрлі энергия көздерінің ірі қорларының болуына қарамастан, Қазақстан «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын қабылдап, іске асыруда. Бұл тұжырымдамаға сәйкес 2050 жылға дейін елдің жалпы энергобалансынан жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 50% дейін ұлғайту жоспарланған. 2017 жылы «ЭКСПО» көрмесінің ұйымдастырушылары әлем назарын СО2 шығындыларын қысқартуына, жаңартылатын энергия көздерінің дамуы мен тиімділігіне аударатын болады», - деді ол.

Г. Каламанов өз сөзінде Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросының 159-шы Бас ассамблеясының сессиясында Астананың «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысы жоғары бағаға ие болғанын атап өтті. Қазіргі уақытта Ресей қатысу үлгісін және тақырыптық бағыттарын дайындауда. Оның айтуынша, Ресейдің ірі компаниялары «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға ниетті. Әсіресе, «Норильск никель» тау-кен металлургия компаниясы (әлемдегі тазартылған никельдің және палладийдің ең ірі өндірушісі, платинаның, кобальттың, мыстың және родийдің әлемдегі жетекші өндірушісі), ААҚ «НОВАТЭК» (Ресейдің ең ірі тәуелсіз және көлемі бойынша екінші табиғи газ өндірушісі), ПАО «Российские сети» (Ресей энергетикалық желілерінің операторы - әлемдегі ең ірі электр желілік компаниялардың бірі) компаниялары. 

Спикерлер көрмеге дайындық барысын жоғары бағалап, көрмеде баламалы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ең жаңашыл, инновациялық және перспективтік жобалар ұсынылатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, Астанада «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымы негізінде БҰҰ аясындағы «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі Халықаралық орталықтың ашылуы туралы Қазақстан Президентінің  бастамасы ерекше аталып өтті. Сессия қорытындысы бойынша Р. Жошыбаевтың «ЭКСПО-2017» Ресей секциясы Комиссарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Ресей павильонның мазмұндық толтырылуы, көрме аясында Ресей Федерациясының ұлттық күні және ресейлік туристерді Астана қаласына тарту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Р. Жошыбаев, Ин Чжан және Шубхра Сингхпен кездесіп, астанадағы көрмеге Қытай мен Үндістан қатысуының ұйымдастыру мәселелері егжей-тегжейлі талқылады.

Соңғы жаңалықтар