«ЭКСПО-2017» көрмесiнiң сәулетi өзгерiстерге ұшырайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес «ЭКСПО-2017» көрмесiнiң сәулетi өзгерiстерге ұшырауы мүмкiн екендiгiн хабарлады.
None
None

Бүгiн Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз қызметi барысында бас хатшы ҚР Премьер-Министрi Серiк Ахметовпен кездескенiн атап өттi.

«Сәулеттiк шешiмдерге байланысты қабылданған бас жоспарға сәйкес келуi үшiн мен бiрқатар өзгерiстер жасау керектiгiн айттым. Бiзге екi негiзгi сұраққа назар аудару керек. Бiрiншiден, ЭКСПО үш айдан кейiн бiте салатын оқиға емес. Бұл оқиға елде қалады және оның болашақ дамуына үлкен үлес қосады. Екiншiден, ЭКСПО өте үлкен маңызға ие, сондықтан барлық элементтер бас жоспарда және сәулеттiк шешiмдерде көрiнiс табулары шарт», - дедi ол.

Соңғы жаңалықтар