15:43, 27 Қараша 2015 | GMT +5
«ЭКСПО-2017» мен ЮНЕСКО тізіміне енгелі Қорқыт Ата кешеніне келушілер қатары артып келеді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата кешенін «ЭКСПО-2017» көрмесі мен ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени және табиғи мұралар тізіміне енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгінде қайта жаңғыртудан өткен кешенге зиярат етушілер қатары көбейген. Бұдан сәл ертерек күніне орта есеппен 30-40 адам келсе, енді екі есеге жуық өсіп отыр. Бұл, бір жағынан, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолы қолданысқа берілгеннен кейін кешеннің туризм кластеріне енгізілуімен, екіншіден, кешен жанынан жаңадан көпфункционалды зиярат ету ортағынының ашылуымен байланысты», - дейді мамандар.