16:32, 12 Қыркүйек 2017 | GMT +6
ЭКСПО-2017 павильондарын демонтаждау жұмыстары басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы халықаралық павильондардың демонтажы жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қатысушы мемлекеттер Көрме ұйымдастырушыларына павильондарды бастапқы түрде тапсыру мақсатында экспонаттарды шығарып, ішкі құрылыс құрылымдар демонтажын, сондай-ақ тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет.
Аталған процесс 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс.
Сәулет департаменті мен Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті демонтаж процессіне бақылау жүргізеді», - делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.
Көрменің басты нысаны «Нұр Әлем» сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастырады.
Айта кетерлігі, «Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.