ЭКСПО-2017: Пушкин кітапханасы өз бағдарламасын ұсынды

Кітапхана баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, шара барысында ЭКСПО тарихынан алынған қызықты фактілер, статистикалар, аталмыш Халықаралық көрмеге Қазақстанның қатысуы, оқиға орнынан сыр шертетін бейнеүзінділер ұсынылады. Сондай-ақ, Пушкин кітапханасы өзінің дербес сайтында ашылған ЭКСПО-2017-ге арналған бөлімді таныстырады. Ол облыс халқын бүкіләлемдік көрме туралы ақпараттандыруға бағытталған.
«Қатысушылар астананың келбеті бес жылда қаншалықты өзгеретіндігін, ғалымдар, сәулетшілер, құрылысшылар мен дизайншылардың Халықаралық көрмеге қандай тосынсыйлар әзірлеп отырғанын біліп, көре алады. Қазақстан тарихындағы осы ірі оқиға ғылыми әрі шығармашылық ойды жаңа деңгейге көтеріп, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыратыны сөзсіз», - делінген таратылған баспасөз айғағында.