ЭКСПО-2017: Швейцария павильонында ғылыми хаб орналасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі павильонында ғылыми хаб орналасады.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президентіне  сенім грамотасын тапсырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Урс Шмид айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Швейцария да ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады. Швейцария павильоны келушілерге болашақ энергиясы саласындағы швейцарлық инновациялық шешімдерді паш етпек. Ең бастысы, швейцарлық павильонда ғылыми хаб орналасады. Оның мақсаты қазақстандық және швейцариялық ғалымдар, зерттеушілер мен кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасып, жинақталған біліммен бөлісуге жәрдемдесу болмақ»,-  деді Елші.

Осы ретте Шмид екіжақты байланыстарды одан ары нығайтуға септігін тигізер аталған халықаралық көрмені асыға күтетіндігін баса айтты.

Айта кетейік, Қазіргі уақытта, 103 ел мен 17 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмесіне өздерінің қатысуын растады.  98 секция Комиссарлары тағайындалды. Халықаралық ұйымдарды қоса алғанда елдермен  82 қатысу шартына қол қойылды және 61 мемлекет Ұлттық күндерін белгіледі. Осы жылдың 10 маусымында бүкіл әлем бойынша Көрмеге билеттерді сатудың ресми сайты іске қосылды. Ал 10 желтоқсанда тикет-офистерде және билет кассаларында ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттерді офлайн сату басталады.

Соңғы жаңалықтар