ЭКСПО аймағындағы тұрғын үйді салу кезінде заңсыздықтарға жол берілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - «EXPO PLAZA» түрғын үй кешенінде архитектуралық қала құрылысы саласындағы заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы (МСҚБ) басқармасына сілтеме жасап.
None
None

МСҚБ-ның жетекшісі Төлеген Құлышев құрылыс жұмыстарын жүзеге асырған «Базис-Комфорт» ЖШС-ның басшылығымен және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің маңында, Хусейн бен Талал мен Қабанбай даңғылының қиылысында орналасқан «EXPO PLAZA» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті.

«Жетекші қадағалаушы инспектормен бірге нысанды аралап көріп, архитектуралық қала құрылысы саласы бойынша заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады. Басқарма өкілдері құрылыс жүргізушіге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізуде. Оның қорытындысы бойынша заңбұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар әкімшілік жазаға тартылатын болады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар