ЭКСПО басталғалы елордаға Киев, Ыстанбұл мен Парижден ұшып келушілер артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар тасымалы 49 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
None
None

«ЭКСПО Халықаралық мамандырылған көрмесінің 10 маусымнан 10 тамызға дейінгі аралығында Астана - Киев (өсім 28%), Астана - Ыстанбұл (өсім 23%), Астана - Париж (өсім 21%) халықаралық бағыттары бойынша жолаушылар ағынының өскені байқалады.

2017 жылдың маусым-шілде айларында 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ішкі бағыттар бойынша жолаушылар ағыны 107 мың жолаушыны құрап, 35%-ға өскен.

Биыл маусым-шілде айларында халықаралық бағыттар бойынша қазақстандық тасымалдаушылар тасымалдаған жолаушылардың жалпы саны 381420 адамға жетті және орташа жүктеме 75%-ды құрады (2016 жылдың сәйкес кезеңінде жолаушылар 228674 адам болған және орташа жүктеме 30%-ға артқан)», - делінген Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі ресми парақшасында.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының ақпараты бойынша, Астана қаласындағы негізгі әуетасымалдаушы «Эйр Астана» болғандықтан биыл маусым-шілде айларынының демалыс және мереке күндерінде ең жоғарғы жүктеме Астана - Алматы (90 % дейін), Астана - Атырау (86%дейін) және Астана - Шымкент (80%дейін) бағыттарында болған. 

«Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайның дерегіне сүйенсек, халықаралық бағыттар бойынша маусым-шілде айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жолаушылар ағыны 49%-ды (2016 ж. - 142940 жолаушы, 2017 ж. - 213801 жолаушы) және ішкі бағыттарда 25%-ды (2016 ж. - 232355 жолаушы, 2017 ж. - 291167 жолаушы) құрады.

 

Соңғы жаңалықтар