ЭКСПО-да елорданың басты радиосының фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас қаланың басты радиосы 4 қыркүйек сағат 20:00 «Астана EXPO 2017» алаңындағы Амфитеатрда «Astana FM ON AIR» атты музыкалық фестивалін өткізеді. Ол жерде ән әлеміндегі танымал жұлдыздар өнер көрсетеді, деп хабарлайды elorda.info .
None
None

Атап айтар болсақ, қала қонақтары мен тұрғындары үшін Қайрат Баекенов және  «Формат» тобы, Ерлан Көкеев және  «К 7» тобы, Бауыржан Исаев, Маржан Арапбаева, Құрмаш Маханов, Дос, «Ағайынды Жүгінісовтер»  және басқа да елорданың танымал орындаушылары жанды дауыста ән шырқайды!

Сонымен қатар  танымал DJ Фара, Puza, Жанель Мұратова мен DJ Ruin, Роман Шукшин музыкалық кештің көркін ашады!

Фестивальге көрме билеттерімен кіруге болады.

 

Соңғы жаңалықтар